Павлодарда шаруашылық құрылысы жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Фото ашық дереккөзден

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 22:38-де «101» пультіне Абай көшесі, 135 мекенжайы бойынша шаруашылық құрылысы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға төрт техника мен 14 адам шықты. Оқиға орнына жеткенде 30 шаршы метр аумақта қоршау мен шаруашылық құрылысы жанғаны анықталды. Өрт сағат 23:21-де сөндірілді», – деді департаментте.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.