Түркістан облысында полицейлер 7,3 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілерді ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында 7,3 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші өзінің жеке шаруа қожалығынан әрқайсының құны шамамен 100 мың теңге болатын 73 қошқары белгісіз жағдайда ұрланғанын көрсеткен. Оқиға бойынша жәбірленушіге шамамен 7,3 млн теңге шығын келген. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында мал тасымалдайтын көліктерді, мал базарларын мұқият тексеріп, қарқынды іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде полицейлер мал ұрлығына қатысы бар екі тұрғынның жеке басын анықтады. Тергеу жұмыстары кезінде жоғарыда аталған ер адамдардың Ордабасы, Арыс және Қазығұрт аудандардарында тіркелген басқа да мал ұрлықтарына қатысы бар екені анықталған. Айғақ ретінде ұрланған қойлардың бір бөлігі тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.