Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.
«Жүргізуші автобусты мас күйде тізгіндеген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламады.
Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.
Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.