Үкім заңды күшіне енген жоқ
Ақтөбе облысында әйел зорлады деп айыпталған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Шалқар аудандық соты әйел адамды зорлады деп айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
«Сотта Ш.-ның жәбірленуші В.-ға күш қолданып зорлағаны анықталды, сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғағымен және іс бойынша басқа да дәлелдермен расталды», - делінген сот хабарламасында.
Сот сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның жасын ескерді.
«Сот Ш.-ны кінәлі деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды», - делінген сот хаьарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.