Мәйіт қоқыс жәшігінің жанында жатқан
Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, оқиға 1 мамырда болған.
«Ерімбетов көшесінің бойындағы үйлердің тұрғындары 39 жастағы ер адамның денесін тапқан. Мәйіт ауладағы қоқыс жәшігінің жанында жатқан. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», - деп хабарлайды Otyrar.kz Telegram арнасы. ⠀
Оқиға орнына келген полицейлер мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын тексерді. Дегенмен адам өлімінің нақты себебі әлі нақты анықталған жоқ. ⠀
«Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматтығын алған Өзбекстан тумасы, 1984 жылы туған ер адам болып шықты. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.