Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 28 сәуір әлеуметтік желілерді мониторинг жұргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан бейне анықталды.

Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықталды.

Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.