Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жағдайда жатыр
27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында қыз бала бесінші қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған қыз бала бесінші қабаттан құлаған. Сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген.
«Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды», - деді басқармада.
Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.