Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Түлкібас ауданында таксидің техникалық жағдайына шағымданған әйел теміржол вокзалының жанында орналасқан таксопарк жұмысшысын дөрекі сөздермен балағаттағаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өз іс-әрекеттерімен айналасындағыларға сыйластық танытпай, қоғамдық тәртіпті бұзған. Осыған байланысты оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа қарау үшін жолданды.
«Түлкібас аудандық сотының қаулысымен "К" азаматы "әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, аталған бап ұсақ бұзақылық жасағаны, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлағаны және айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны, басқа да осындай әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылықты көздейді. Нәтижесінде оған 48 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді Түлкібас аудандық сотында.