Алматы облысында қонақүйден шетелдік әйелдің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қамауға алынды

Фото: polisia.kz

Алматы облысында қонақүйлердің бірінде шетелдік әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 сәуірде болған.

«Сағат 14:25 шамасында Алматы облысының ПД-ға Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақүйлердің бірінен 26 жастағы азаматшасының мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», - делінген ПД хабарламасында.

Қылмыстық құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі – «Кісі өлтіру» бойынша Қарасай ауданының СДТБТ-да тіркелді.

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 34 жастағы П. есімді азамат ұсталды. Күдікті қамауға алынды», - делінген хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.