Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Қостанай облысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ооған адам өлтірді деген айып тағылды.
«17 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын сотталмаған Заречный ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін 11 сәуірде Қостанай ауданында 59 жастағы тұрғынның мәйітін табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.