Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім жансақтау бөліміне жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бала өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: yandex.kz

Қостанай қаласында 16 жастағы жасөспірім үстіне футбол қақпасы құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Аlau.kz хабарлауынша, бала облыстық балалар ауруханасының хирургиялық қызмет көрсету бөліміне жеткізілген.

«Баланың он екі елі ішегі жыртылған. Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз», – деді аурухана меңгерушісі Игорь Белобржицкий .

Дәрігер екі апта бұрын Ұзынкөл ауданынан осындай оқиғадан кейін ауруханаға 16 жастағы жасөспірімнің жеткізілгенін айтты.

«Футбол қақпасы 16 жастағы жасөспірімнің басына құлаған. Ол бас жарақатын алған. Жағдайы орташа ауыр. Қазір баланың жағдайы жақсы. 4 жыл бұрын қайғылы оқиға болып, сол кезде Қостанайда футбол қақпасының құлауынан бір бала қайтыс болған еді. Ондай жағдай енді қайталанбайтын шығар деп едік, өкінішке қарай, әлі де қайталанып жатыр», - дейді дәрігер.