Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы үш адам ауруханада жатыр

Фото: ҚР ІІМ

Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 сәуірде сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 автокөліктердің соқтығысуы орын алды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2021 жылы туған Audi-80 автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.