Семейде мектеп-интернатта жасөспірім тамаққа қақалып көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен

Семейде мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамаққа қақалып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

«7 сәуірде мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып, өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.