Мектеп директорына қатысты қатаң жаза қолдану жайы қарастырылып жатыр
Қызылордада 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, бір жеткіншек пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, тиісті ем-домын алғасын үйіне жіберілді.
Осы оқиғаға байланысты шаҺардағы мектеп-лицейлердің бірінде директорының екі бірдей орынбасары жұмыстан шығарылды. Олар өз міндетін дұрыс атқармай, қателік жібергені үшін орнын босатқан. Ал, мектеп директорына қатысты қатаң жаза қолдану жайы қарастырылып жатыр.