Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты салдарынан екі жүргізуші бірдей қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 сәуірде Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Жаңажол-Сарыкөл автожолымен (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Lada көлігінде болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы, арасында екі кәмелетке толмаған бала бар, Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.