«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 7 маусымға дейін қамауда болмақ

Фото ашық дереккөзден

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алуды 7 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д. қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Кейіннен ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арман» ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын.