Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталып жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.