Өртті көрген көршілер полицияға қоңырау шалған
Павлодарда балалар ауладағы жасанды шөпке от қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуір күні сағат 20:07-де балалар Павлов көшесінде ауладағы алаңда жасанды шөпті өртеп жатқаны туралы шақыру түскен.
«Шақыруға келген полиция қызметкерлері 8-12 жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар ойнап, сіріңке қорабын өртеп жібергенін анықтады. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу және отпен ойнамау туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі, ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.