Әкесі дүкен аралап жүргенде, баласын жоғалтып алған
Алматы полициясы Сайран көлінің маңында жоғалып кеткен 4 жасар баланы тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«102» пультіне 4 жасар Әмірдің жоғалғаны туралы хабар бір күн бұрын сағат 19:15-те келіп түскен. Әкесінің айтуынша, ол бутик аралап жүргенінде, Әмірді көзден таса қылып алған. Өз бетінше іздестірулер нәтиже бермеген соң, полицияға қоңырау шалған», - дейді полиция өкілдері.
Баланы іздестіру үшін ПД-ның алдыңғы саптағы және жедел бөлімшелерінің максималды күштері: патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Көлге жақын орналасқан тұрғын аудан, бала жылынуға болатын тамақтандыру орындары, қараусыз қалған аумақтар және т.б.тексерілді.
«Сағат 21:25 шамасында полиция радиоэфирі арқылы «Боран-052» патрульдік экипажының инспекторлары Ержан Аманбол мен Ерсін Смаил «Бала табылды, ол тірі!» деген қуанышты хабарды жеткізді. Тұрғын үйлердің аулалары мен ойын алаңдары назардан тыс қалмады. «Кәусар» тұрғын үй кешеніне кірдік. Ауланың ортасында бір бала тұрды. Ол абдырап қалған, шамасы, туыстарын немесе үйін іздеген, бірақ ол жыламай, өзін жақсы ұстады. Сол күні кешке өте суық болды. Ең алдымен оны жылытып, жақын маңдағы дүкеннен тіскебасар сатып алып, әкесіне апардық. Бала көпшіл екен. Ең бастысы, Әмір аман-есен табылды және қазір отбасымен бірге», – деді Ержан Аманжол.