Әйел адам ауруханаға жатқызылды
Павлодарда жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі С.Нұрмағамбетов көшесімен жүріп келе жатып, тыйым салынған жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы әйел адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген», - деді департаментте.
Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізіп жатыр және автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.