Қостанай облысында көлік жылу трассасына соғылып, жүргізуші көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қостанай облысында көлік жылу трассасына соғылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«30 наурыз күні сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.