Полиция ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Павлодарда көлік қағып кеткен 1983 жылғы ер адам ми жарақатымен № 1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2023 жылғы 30 наурызда сағат 14:30 шамасында Ломов көшесіндегі үйге қарсы аумақта болған.
«Chevrolet Nexia маркалы автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді», – деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, полиция ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізуде.