9-сынып оқушысы қоңырауда бұрыш баллонын шашқан
Алматының Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы қоңырау уақытында дәретханада бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Соның салдарынан жанында тұрған оқушылар уланып қалған. Бұл туралы полиция департаменті хабарлаған.
Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
«Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады», - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.