Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетіу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.
«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады», - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.