Түркиядағы сел тасқынынан 13 адам қаза тапты

Автор: Әйгерім Ердәулет

Тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен бес адамның денесі табылды

Фото ашық дереккөзден

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясындағы сел тасқынынан құрбан болғандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Anadoly-ға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Шанлыурфаға қатты жаңбыр жауған. Сел ағыны провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшелері мен даңғылдарын басып қалды.

Провинцияның өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, Вейсель Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінде табылған бес адамның сириялықтар болуы мүмкін деп отыр.

Қазір жауын-шашыннвң салдарынан сыртқа шыға алмай қалған тұрғындарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.