Барлығы 650 мың үй салу жоспарланып отыр
Түркия билігі 6 ақпанда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға жаңадан 319 мың үй салып беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy turknws-ке сілтеме жасап.
"Біз бір жыл ішінде қираған қалаларды қайта қалпына келтіруге уәде бердік. Жақында біз келтірілген залалды бағалауды аяқтаймыз. Бір жыл ішінде біз заңды тұрғындарға 319 мың үй беруді жоспарлап отырмыз, ал барлығы 650 мың үй саламыз", - деді ол.