Майдан шебіне жақын орналасқан Краматорск қаласы Ресейдің тағы бір зымыран шабуылына ұшырады
Ресей әскері Украинаның Донецк облысына зымыран жаудырды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ресейлік соққылар тоғыз тұрғын үй мен балабақшаға зиян келтірді. Әзірге белгілісі бір адам қайтыс болып, бірнеше адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy euronews.com-ға сілтеме жасап.
Донецк 2014 жылы ресейшіл күштердің бақылауына өткеннен кейін Краматорск аймақтық орталық рөлін алды.
Сонымен қатар, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу «тактикалық зымырандық қару-жарақ» корпорациясына барған кезде «жоғары дәлдіктегі қару-жарақ өндірісін екі есеге арттыруға» бұйрық беріп, бірқатар жаңа қару-жарақ үлгілері бойынша зауыт «сериялық өндіріске көшкенін» атап өтті.
Донецк маңындағы байланыс сызығының бойында украин әскерлері әлі күнге дейін Ресей артиллериясының үнемі атқылауында қалып отыр.