Ұлытау облысында жоғалып кеткен 7 адам аман табылды

Автор: Мира Байбек

Екі көлікпен мал іздеуге шыққандар жолдан адасып кеткен

Видеодан кадр

Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері жеті адамды іздеу жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен шыққан 7 адам ауа райына байланысты жолда адасып кеткен болатын.

«Бұған дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерінде тұрғындарды қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан болатын. Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды», - делінген хабарламада.

Жоғалған адамдар Өлке қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.