Түркияда тағы жер сілкінісі болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Кахраманмарашта 4,7 балдық жер сілкінісі болды

 

Фото: pexels.com

Түркияның Кахраманмараш провинциясында рихтер шкаласы бойынша 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы апаттарды жою басқармасы (AFAD) жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жерасты дүмпулері Гексун ауданында 7 шақырым тереңдікте тіркелді. Кандил ауданында жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болды.

Мамандардың айтуынша, бұл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі қайталама дүмпулер  болуы мүмкін.

Тақырыпқа орай: Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның басында Түркияның Кахраманмараш провинциясы 7,7 және 7,6 баллдық жойқын жер сілкіністерінің ортасында болды. Осыдан кейін аймақта жаңа жер сілкінісі қайталанды, бірақ магнитудасы төмен болған еді.