Ақтөбе шипажайында тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Әлеуметтік желілерде баланы сүлгімен ұрып-соққан тәрбиешіге қатысты видео жарияланды. Бұл жағдай Ақтөбе облыстық «Чайка» балалар шипажайында болғаны анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Аталған факті бойынша Алматы ауданының №4 полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 140-шы бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дене жарақаттарының болуы мен ауырлығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен балалар шипажайында болған оқиғаны анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.