Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ
Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5 балдық зілзала тіркелген. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығының кестесінде бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кестеде көрсетілгендей, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Орталықтың ақпаратында зілзала тағы Индонезия, Чили елдерінде болған.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады. Зілзала жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл болған. Бұл апат көршілес елдерде Сирияда, Ливанда, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта сезілді.