Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде тексеру жүргізіліп жатыр

Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 ақпанда болған.

«Қаладағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 доңғалақты тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсу кезінде аударылып кеткен. Алған дене жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

«Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.