11 адам ұсталды: Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті

Алматы полициясы Satbayev University студенттік жатақханасының жанындағы жаппай төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

"23 ақпан күні сағат 23:00 шамасында Алматының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды. Сигналға бірден патрульдік полицияның бірнеше экипажы жауап берді, нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін 11 адам ұсталды",- деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Төбелестің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.