Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Атырау облысында 3,5 мың литр алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция жедел іздестіру шаралары кезінде Құлсары қаласындағы қоймалардың біріннен заңсыз сақталған өнімді анықтады.
«Онда жалпы құны 7 млн теңге болатын 6,6 мың шөлмек арақ өнімі табылды», - делінген облыстық ПД хабарлама ында.
Аталған дерек бойынша, күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.