Талдықорған тұрғыны қарағандылықтарды 13 млн теңгеге алдап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

© Sputnik

Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен талдықорғандық 22 жастағы тұрғынды ұстады. Тергеу материалдарында Қарағанды ​​облысының жалпы сомасы 13 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған алты тұрғыны жәбірленуші ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтықтың барлық эпизоды тауар-ақшалай несиеге байланысты болған.

«Күдікті тұрғындарға тауарлық несие беруді ұсынып, ұтымды бонустар уәде еткен. Яғни несие сомасы неғұрлым көп болса, бонустар соғұрлым көп болады-мыс. «Ақша аударымдарын алып, тауар рәсімдеп, содан кейін оны өз бетінше сата бересің» деп уәде еткен. Клиент табуға оның алаяқтық әрекеттеріне құрбысы көмектесіп отырған», - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы Қайрат Жұрынов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының екінші бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.