Бүгін түнде журналист Вадим Борейконың операторының көлігі жанып кеткен
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кеше түнде журналист Вадим Борейконың әріптесіне қатысты болған оқиға бойынша мәлімде жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы қаласының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді», - делінген мәлімдемеде.
Журналист В. Борейко болса әлеуметтік желі арқылы 20 ақпанда түнде белгісіз біреулер оның операторына тиесілі екі көлікті жарып жібергенін хабарлаған еді.