Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 19 ақпанда Сырдария ауданында болған

Фото: @POLICE_of_KZ

Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ІІМ баспасөз қызметінінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 ақпанда Самара– Шымкент автожолының 1767-1768 шақырымында болған.

«Сырдария ауданында Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Толық деректер анықталып жатыр.

Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.