Жол апаты Самара - Шымкент тасжолында болды
Самара - Шымкент тасжолында көлік аударылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Самара - Шымкент тасжолында жол апаты болды. Хромтау ауданының Белқопа ауылы маңында «Тойота-Альфард» көлігі аударылып қалды. Екі ер адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы екеуі түрлі дене жарақатымен Хромтау аудандық ауруханасына түсті», - делінген хабарламада.
Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік оң жаққа аударылған.
«Тексеру кезінде қауіпсіздік жастығы болмағаны анықталды. Көлік Армения нөмірлі, иесі ақтөбелік», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.