«Гарант 24 Ломбард» басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оны молдавиялық полицейлер қолға түсірген

Фото: ашық дереккөзден

«Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ» ЖШС басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медиа-порталдың жазуынша, «Гарант-24» ЖШС басшысы Аслан Мырзабеков 21 қаңтарда Ақтөбеден Орынборға шығып, одан әрі Мәскеуге ұшып, сол жерден пойызбен Кишинев қаласына аттанған.

«Қазақстандық тараптың арнайы сұранысы бойынша Мырзабековті молдавиялық полицейлер қолға түсірді. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті материалдар Молдова құзыретті органдарына жіберіледі», - деп жазылған хабарламада.