Қостанай облысында жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты болған Қостанай –Әулиекөл – Сұрған тасжолының 190 шақырымында болған.

«ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ көлігінің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.