Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан елге келді

Автор: Аягөз Құрмаш

Елге 42 қазақстандық, 22 қырғыз азаматы келді 

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметінен

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына келіп жетті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.