Түркияның 10 провинциясында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Түркияда зілзала құрбандарының саны 6234-ке жетті. Тағы 37 011 адам жарақат алды, деп Azattyq ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркияның 10 провинциясында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.
Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.