«Демалушылар 20 метр биіктікте қалып қойды»: Баянауылдағы тау-шаңғы курортында аспалы жол тоқтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 29 қаңтар күні болған

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне Баянауыл ауданы, Қаражар ауылы маңындағы «Мырзашоқы» тау-шаңғы курортында («Гамма» ЖШС қарасты) арқан жүретін дөңгелектің бұзылуына байланысты аспалы жол тоқтап қалған. Нәтижесінде 6 адамның әуеде қалып қойғаны жөнінде хабарлама түскен.

«Гамма» ЖШС күштерімен сағат 17:39-да шамамен 5 метр биіктіктен 4 адам және 18:20-да 20 метр биіктіктен 2 адам құтқарылды.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды",- деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖ департаменті.