Жетісу облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға бүгін, яғни 1 ақпанда болған

Фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында автокөлік аударылып, 57 жастағы жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 ақпанда болған.

«Таңғы уақытта Сарыөзек – Көктал автожолының 119 шақырымында жол апаты болып, Hummer H2 көлігінің 57 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Іс жүзінде қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге тергеу амалдары басталды.