Павлодар облысында ер адам тұрғындарды 52 млн теңгеге алдап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Павлодарлық полицейлер 52 млн теңгеге алдаған екі алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Успен ауданында ер адам күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп өзгенің 28 млн теңгесін алдап алып кеткен. Ал кейіннен пысықай жігіт РФ Барнаул қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденіп алған. Жалпы шығын 24 млн теңгеден асқан.

«Жедел уәкілдер Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.