Қызыл кітапқа енген ителгі құсын аулаумен айналысқан топ ұсталды - ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Олар мемлекетке бірнеше млрд теңге зиян келтірген 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шымкент қаласында, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарында ұзақ уақыт бойы Қызыл кітапқа енген ителгі құсын заңсыз аулаумен, оларды қазақ-өзбек және қазақ-қырғыз шекарасы арқылы арқылы Таяу Шығыс елдеріне контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан бірқатар трансұлттық топтың ұсталғанын хабарлады. 

Мамандардың есебі бойынша, қылмыстық топтардың мемлекетке келтірген зияны бірнеше миллиард теңгені құрайды. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-ші бабы 2 және 3 бөліктері бойынша қылмыс іс қозғалды.