«Терісі жыртылып жатыр»: 9 жасар алматылық қызға көмек керек

Автор: Әсел Оршыбекова

Ата-анасы қызын емдетпек түгілі, отбасын зорға асырап отыр

Алматы қаласында жалдамалы үйде тұратын отбасындағы 9 жасар қызға қаржылай көмек керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Денесін күйік шалған қыздың жағдайын шетелдік клиникаға көрсетпек түгілі, отбасының ішерге тамағы, киерге көйлегі жоқ. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Еркеназдың жасы 9-да. Автордың жазуынша, ол осы жасқа дейін тойып тамақ ішіп, немесе жаңа көйлек киіп көрген емес. Тіпті аяқ киімі жыртылып қалып, бір апта сабаққа бара алмаған.

«Ата-анасы күнкөріс қамымен ұзақ жыл мал бақты. 4 жасында қойлы ауылда пеш атылып, қақпағы келіп арқасына тиеді. Отқа оранып шыр көбелек шырылдап жатқанда анасы көйлегін үстінен сыпырып алған. Одан кейінгі жәйт белгілі. 5 жылдан бері кішкентай қыз азап шегіп келеді. Күйіктің бетін тыртық басқанымен, әуреге салады. Қыздың бойы өскен сайын терісі тартылып, жыртылып жатыр. Еркеназ қолтығын созған сайын ауырады. Ойын баласы емес пе, допқа құмар. Өкінішке қарай, ойынның соңы қос қолтығы қанға бөгіп, азаппен тынады», - деп жазады автор.

Түсірілім тобы Еркеназды аудандық бас педиатрға көрсеткен. Дәрігерлер операция жасау мүмкіндігін айтқан, алайда тыртықтың жойылатынына еш кепіл жоқ.

«Түркияға хабарлассақ, алдын ала кеңес алу мен анализдерге 5000$ қажет екен. Өзбекстан докторлары пластикалық хирургияның ем-домын есептеуде. Жетім көрсек жебеп, мұқтаж көрсек демеп жіберетін ұйымшыл оқырманым. Тағы бір қазақ отбасын басына түскен қиын күндерден құтқарайық», - дейді жазбасында журналист.

Еркеназдың еміне көмектесемін деушілерге:

Реквизиттер:

  • KASPI GOLD

8 (747)815 3918

4400 4301 3287 4378

Бекзада.С

  • Halyk Bank

4405 6397 7566 4855

8747 815 39 18

Бекзада.С