Жантүршігерлік жол апаты: Жетісу обысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылғыға барып соғылды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Оқиға орнында 50 жастағы ер адам көз жұмды

Жетісу облысы Панфилов ауданында Toyota Corolla автокөлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Автокөліктің рулінде 65 жастағы зейнеткер болған. Ол Үшарал – Керімағаш автожолының 4 шақырымында автокөлікті басқара алмай, кілт бұрылыста трассадан ұшып кеткен. Автокөлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылғыға барып соғылған.

«Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50-жастағы жолаушысы қаза тапты. Жүргізуші түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі.