Атырауда жүк көлігіне соғылған мотоциклші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда болған

Коллаж: Azattyq Ruhy

Атырау қаласының маңындағы Еркінқала ауылында мотоцикл жүргізіп келе жатқан жігіт «КамАЗ» көлігіне соғылып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда болған.

«Сағат 18:30 шамасында қала маңындағы Еркінқала ауылында мотоцикл мен құрылыс материалын тиеген «КамАЗ» көлігі соқтығысты. Көлік апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.