Басқа да бірқатар қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Алматы облысында колония бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақында әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат тарады.
ҚАЖ департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді.
«Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлері заңсыз әрекеттерге барды деп айыптаған сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтынын айтып қорқытқан. Осыдан кейін қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары сотталған адамды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырған», - делінген хабарламада.
Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.
«Сондай-ақ бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ. Сонымен қатар қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме бастығының орынбасары жіберілген заңбұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды» - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, басқа да бірқатар қызметкер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.